• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Қазақстан 16 Қыркүйек, 2024

QazTrade сауда өкілдігін Шаньдун провинциясында ашу ұсынылды

96 рет
көрсетілді

ҚХР-ға жұмыс сапары барысында ҚР Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев Шаньдун провинциясының Халық үкіметі төрағасының орынбасары Сун Цзюнцзимен кездесіп, екі ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты тереңдетудің негізгі мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Кездесу барысында Министр  Қазақстанның сауда-экономикалық байланыстарды арттыру үшін Шаньдунмен ынтымақтастықты нығайтуға дайын екенін айтты.

«Біз былтырдан бері Қытаймен сауда-саттықты аймақтандыру принципі бойынша,  әр өңірмен оның ерекшеліктерін ескере отырып жұмыс істеп жатырмыз. Бұл тәсіл қазірдің өзінде Сычуань, Хубэй және Шыңжаң провинцияларында қолданылған», деді министр.

Сондай-ақ Министр Қазақстанның экспорттық әлеуеті, АӨК нарығына өнімнің ашық қолжетімділігі және мұздатылған ет пен басқа да тауарларды жеткізуді жаңарту мүмкіндігі туралы мәлімдеді.

Провинцияның Халық үкіметі төрағасының орынбасары Сун Цзюнцзи Шаньдун қаласында «QazTrade» АҚ сауда өкілдігін ашуды ұсынып, бұл өз кезегінде өңірдегі отандық бизнестің мүддесін тиімді қорғауға мүмкіндік беретінін атап өтті. 

Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев ұсыныстарды зерделеуге дайын екенін білдірді. 

Айта кетейік,  2024 жылдың жеті айында Қазақстан мен Шаньдун провинциясы арасындағы тауар айналымы 869,1 миллион АҚШ долларын құраған. Экспорт 3,23%-ға өсіп, 348 млн АҚШ долларын құрап, осы кезеңде Қазақстанға импорт 521,0 млн АҚШ долларына жеткен.