• RUB:
    5.28
  • USD:
    480.61
  • EUR:
    534.53
Басты сайтқа өту
Зерде Кеше

Бас мүфти ең үздік қариға автокөлік кілтін табыстады

69 рет
көрсетілді

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ұйымдастырған Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқудан ХІІІ республикалық байқау мәресіне жетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бүгін Павлодар шәріндегі «Мәшһүр-Жүсіп» атындағы мешітте 80 үміткер қатысуымен өткен байқаудың марапаттау рәсіміне ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, сауапты іс-шараға демеушілік жасаған Бахаридин Аблазимов, зиялы қауым өкілдері қатысты.

«Байқауды өткізуге демеуші болған Бахаридин Нұғманұлына, Сәдуақас Олжабаев қариымыз бастаған әділқазы мүшелеріне алғысымды білдіремін. Қатысқан қариларымыздың бәрі жеңімпаз атанды деп санаймын. Өйткені бұл байқау әрбір қариға үлкен жігер сыйлады. Жүлделеріңіз құтты болсын», деді Бас мүфти.

Қазылар алқасы шешімімен 4 аталым бойынша жеңіске жеткен қарилар:

«Мәнерлеп оқу» бойынша:

І орын ( 700 000 теңге) – Саламат Иманғалиев (Атырау облысы).

ІІ орын (500 000 теңге) – Әбілқасым Әбдірахманұлы (Қарағанды облысы).

ІІІ орын (300 000 теңге) – Әлихан Мұратов (Павлодар облысы).

«10 пара» бойынша:

І орын (1 500 000 теңге) – Дінмұхамед Әбішев (Астана қаласы).

ІІ орын (1 000 000 теңге) – Мұхамедәли Шәкіров (Алматы облысы).

ІІІ орын (750 000 теңге) – Нұрислам Тұражанов (Түркістан облысы).

«20 пара» бойынша:

І орын (3 000 000 теңге) – Арсен Есімбек (Қарағанды облысы).

ІІ орын (2000 000 теңге) – Асадулла Эминтаев (Шымкент қаласы).

ІІІ орын (1 500 000 теңге) – Махмұт Мырзахмет (Түркістан облысы).

ІV орын (800 000 теңге) – Махамбет Тасболатов (Ақтөбе облысы).

V орын (500 000 теңге) – Абдулбасит Маву (Жамбыл облысы).

«30 пара» бойынша:

І орын (автокөлік) – Әбілқайыр Жұбан (Алматы қаласы).

ІІ орын (4 000 000 теңге) – Абдулазиз Илхамжанов (Шымкент қаласы).

ІІІ орын (3 000 000 теңге) – Мансұрхан Уәлихан (Астана қаласы).

ІV орын (1 500 000) – Нұртілеу Сейітқасым (Қарағанды облысы).

V орын (1000 000) – Диас Айтмахан (Жамбыл облысы).

Еске салайық, екі күнге созылған Құран оқу байқауы «Munara TV» телеарнасынан тікелей эфирде және «Муфтият ҚМДБ» YouTube-арнасынан онлайн көрсетілді.