• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Ауа райы 16 Қыркүйек, 2024

Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады

159 рет
көрсетілді

Синоптиктер осы айдың 17, 18, 19 күндері ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Елдің оңтүстік жартысына ғана циклон және онымен байланысты атмосфералық фронтал бөліктер әсер етеді, найзағай ойнап, жаңбыр жауады.

Республика бойынша желдің күшеюі де болжанған. Түнде және таңертең  солтүстікте, солтүстік-батыста, шығыста тұман күтіледі, қыркүйектің 17-19 күндері 2-5 градусқа дейін аяз болады.

Хабарламада: «Күндізгі ауа температурасы бойынша республиканың батысында +20..+28, солтүстік-батыста +12...+23, шығыста +5...+20, оңтүстікте +20...+30, елдің солтүстігінде және орталығында +10...+ 20, оңтүстік-шығыста +17...+28 градус күтіледі», делінген.