• RUB:
    5.28
  • USD:
    480.61
  • EUR:
    534.53
Басты сайтқа өту
Оқиға Кеше

Петропавлдық полицей зейнеткерді алаяқтардан құтқарды

38 рет
көрсетілді

63 жастағы қала тұрғыны 3 миллион теңгесінен айырылып қалуға шақ қалған, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Оған белгісіз адамдар қоңырау шалып, өздерін күш құрылымдарының қызметкерлері ретінде таныстырған. Алаяқтар оның банктік шотына күмәнді операция жүргізіп жатқанын және сол істі тергеп жатқанын айтып сендірген, қолсұғушылықты тоқтату үшін зейнеткер жиған-тергенін басқа банктегі «қауіпсіз шотқа» аударуы тиіс болған. Бұны естіген қала тұрғыны көрсетілген банкке 3 миллион теңге сомасында қолма-қол ақша алып бара жатқан. Бірақ  ақшаны банкомат арқылы қалай аудару керек екенін білмеген, барар жолда полиция бекетін көрген. Асыққан әйел бекеттің ішінде отырған полиция қызметкерінен көмек сұрауды жөн көрген.

Модульде кезекшілікте отырған патрульдік полиция батальонының инспекторы Алмат Мұхаметқалиев зейнеткерді тыңдап, хабарласқан бейтаныстардың алаяқтар екенін айтқан. Бірден жедел тергеу тобын шақырған. Аталған факті ақпаратты есепке алу кітабында тіркелді. Осылайша, тәртіп сақшысы қылмыстың алдын алды.