• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
ANTIKOR 17 Қыркүйек, 2024

Қоғамдық кеңес жемқорлықпен күреске атсалысады

119 рет
көрсетілді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің жаңартылған Қоғамдық кеңесінің бірінші отырысы өтті.

Кеңес құрамына Парламент Мәжілі­сі­нің депутаттары – Марат Бәшімов, Николай Арсютин, Айдос Сарым, сон­­дай-ақ Бейбіт Мамраев, Дихан Қамзабек­ұлы, Кәкімжан Бишманов, Айнұр Саби­това, Мэлс Семгалиев, Ербол Үстемі­ров, Серік Сәпиев, Ғани Нығметов, Михаил Коломин сынды қоғам қайрат­керлері мен ғалымдар кірді.

Отырыста Қоғамдық кеңестің төрағасы болып ашық дауыс беру арқылы бірауыздан Марат Бәшімов қайта сайланды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы Асхат Жұмағали өз сөзінде агенттік жұмысы тиімділігінің негізгі көрсеткіші азаматтардың сенім деңгейі екенін және бұған қоғаммен белсенді өзара іс-қимыл арқылы ғана қол жеткізуге болатынын атап өтті.

«Жемқорлыққа қарсы маңызды бас­тамалар қоғамдық кеңес мүшелерімен талқыланады. Кеңес заңнаманы жетіл­діру бойынша ұсыныстар енгізуге, стра­тегиялық құжаттарды талқылауға қа­ты­суға, агенттіктің жұмысына мониторинг пен бағалау жүргізуге, сондай-ақ оны одан әрі жақсарту үшін ұсынымдар әзірлеуге құқылы», деді А.Жұмағали.

Қоғамдық кеңестер жемқорлыққа қар­сы саясатты іске асыру үдерісінде маңызды рөл атқарады. Олардың ық­палы мен өкілеттігі жыл сайын артып келеді. Кеңес мүшелері үкіметтік емес ұйым­дардың, бұқаралық ақпарат құрал­дарының және ғылыми топтардың сарап­шыларын тарта отырып, өзекті мәселе­лерді зерттеу үшін жұмыс топтарын құра алады.

Қоғамдық кеңестің жаңадан сайлан­ған төрағасы Марат Бәшімов әріптестеріне сенім білдіргені үшін алғыс айтып, елдің жемқорлыққа қарсы саясатын жақ­сарту бағытында белсенді жұмысты жалғас­тыруға дайын екенін білдірді.

Отырысты қорытындылай келе, Асхат Жұмағали қатысушыларға алғыс білді­ріп, жемқорлыққа қарсы іс-қимылды күшей­туге бағытталған жаңа бастамаларды әзірлеуде сәттілік тіледі.