• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Үкімет 17 Қыркүйек, 2024

Cеріктестік тиімділігі артады

80 рет
көрсетілді

Премьер-министрі Олжас Бектенов Халықаралық валюта қоры басқарушы директорының орынбасары Бо Лимен кездесті. Кездесу барысында қаржы-экономикалық саладағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

Еліміз – 1992 жылдан бері ХВҚ мүшесі. ХВҚ-мен ұзақмерзімді серіктестік еліміз­дің экономикалық тұрақтылығын және ұлттық экономиканың сапалы тұрақты өсуін қамтамасыз ету үшін маңызды.

Кездесуге қатысушылар еліміз бен ХВҚ арасындағы өзара іс-қимылдың страте­гиялық сипатын атап өтті. Ынты­мақ­тастықтың жоғары маңызын құры­лым­дық реформалар жүргізу, еліміз­дің салық-бюджет саясаты мен қаржы нары­ғын дамыту жөніндегі бірлескен жұмыстың оң нәтижелері айғақтайды.

Халықаралық қаржылық тұрақты­лықты қолдау жөніндегі екіжақты және өңірлік диалогке өткен жылы Алматы қаласында Кавказ, Орталық Азия және Моңғолия елдері үшін әлеуетті дамыту жөніндегі ХВҚ Өңірлік орталығының ашылуы жаңа серпін берді. Мемлекет басшысының экономиканы жан-жақты жаңғырту бойынша жүргізіп жатқан жүйелі саясатының нәтижесінде биылғы 9 қыркүйекте «Moody’s» рейтингтік агенттігі Қазақстанның егемендік рей­тингін тұрақты болжаммен Baa1-ге дейін көтер­гені атап өтілді. Берілген рейтинг ел тәуелсіздігі жылдары ішіндегі ең жоғар­ғысы болып саналады және институцио­налды ортаның үздіксіз жақсарғанын және экономиканы әртараптандыру қарқынының орнықтылығын растайды.

Олжас Бектенов ел Үкіметі Ұлттық банкпен және Қаржы нарығын дамыту және реттеу агенттігімен бірлесіп сапалы экономикалық өсімге қол жеткізуге бағытталған дәйекті саясат жүргізуге ниетті екенін атап өтті. Ағымдағы реформалар бюджет саясатының, қар­жы есептілігінің және салықтық әкім­шілендірудің тиімділігін одан әрі арт­тыруға бағытталған.

Өз кезегінде ХВҚ басқарушы дирек­торы­ның орынбасары Бо Ли ел экономикасын дамыту және халықтың әл-ауқатын жақсарту мақсатында елімізбен тығыз және сындарлы ынтымақтас­тықты жалғастыруға мүдделілігін атап өтті. Мемлекеттік органдарға көрсеті­летін тұрақты консультациялар мен техникалық көмек институционалды негізді нығай­туға, макроэкономикалық және макроп­ру­ден­циялық саясатты жетілдіруге ықпал етеді.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар өзара іс-қимылдың барлық спектрі бойынша әріптестікті нығайту ниетін растады.