• RUB:
    5.05
  • USD:
    521.81
  • EUR:
    543.67
Басты сайтқа өту
Ауа райы 17 Қыркүйек, 2024

Синоптиктер бүгінгі ауа райы болжамын ұсынды

126 рет
көрсетілді

Қазгидромет синопиктері 17 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ауқымды антициклонның ықпалымен елдің басым бөлігінде жауын-шашын күтілмейді.

Десе де Қазақстанның солтүстігінде, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында фронттардың әсерінен найзағай жарқылдап, жаңбыр жауады.

Мамандардың болжамына сәйкес, ел бойынша жел күшейеді, ал оңтүстікте шаңды дауыл соғады.

Солтүстікте, шығыста, оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында тұман түседі.

«Абай облысының шығысында, орталығында, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының солтүстігінде, шығысында, Қостанай, Қарағанды облыстарының шығысында, Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында, Жетісу облысының таулы аудандарында 1-4 градус үсік жүреді», делінген хабарламада.