Қала әкімдігі биылғы жылу беру маусымы басталатын күнді белгіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қалалық әкімдіктің қаулысына сәйкес Екібастұзда 16 қыркүйектен бастап жылыту маусымы басталды. Қалада ең алдымен әлеуметтік сала объектілері жылумен қамтылады.
Ал 21 қыркүйектен бастап көпқабатты үйлерге кезең-кезеңімен жылу беріледі деп жоспраланып отыр. Осылайша, 16-23 қыркүйек аралығында жеке тұрғын үй секторын жылумен жабдықтауға кезең-кезеңімен қосу жүргізіледі.