Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданына жаңа әкім тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
СҚО әкімінің өкімімен Мейрам Меңдібаев Айыртау ауданының әкімі болып тағайындалды. Ол осыған дейін облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы болған.
Жаңа әкім 1971 жылы 6 қарашада Солтүстік Қазақстан облысы М. Жұмабаев ауданында туған.
Еңбек жолын 1991 жылы Солтүстiк Қазақстан облысы Булаев ауданы «Қазақстанға 40 жыл» совхозының құрылыс бөлiмiнiң ағаш ұстасы болып бастаған. «Петропавловскоблагропроектстрой» 4 бiрлестiгiнiң Булаев жылжымалы мехколонасының шеберi, Булаев ауданы әкiмi аппаратының аудандық сәулетшiсi, кейін бас маманы болған.