• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Ауа райы 17 Қыркүйек, 2024

Қазгидромет еліміздің сегіз өңірінде күн суытып, үсік жүретінін ескертті

69 рет
көрсетілді

Алдағы сәрсенбіде, 2024 жылы 18 қыркүйекте Қазақстанның басым бөлігінде ауқымды антициклон салдарынан жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, деп хабарлайды Egemen.kz "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.

Синоптиктер атап өткендей, еліміздің шығысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жылжыған фронтальды бөліктердің әсерінен найзағай ойнап, жаңбыр жауады,елдің солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында түнде және таңертең тұман болады деп күтіледі. Республика бойынша сипат беретін ортақ табиғи құбылыс - желдің екпін алуы.

- Шығыс Қазақстан облысында, Павлодар облысында, Солтүстік Қазақстан облысының шығысында, солтүстігінде, Қарағанды өңірінде, Абай облысының батысында, шығысында, орталығында, Қостанай өңірінің солтүстік-шығысында, Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында, Жетісу облысының таулы аудандарында сынап бағаны -1-ден -6 градусқа дейін төмендеп, күн суытады, үсік жүреді, - делінген болжамда.

Ақтөбе, Ұлытау облыстарында, Жетісу өңірінің батысында, БҚО-ның солтүстік-шығысында, Қызылорда өңірінің солтүстік-шығысында, солтүстік-батысында, Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында, Қарағанды өңірінің батысында, орталығында, ШҚО-ның батысында, оңтүстігінде, орталығында, Қостанай облысының оңтүстігіне өрт қаупі жоғары болады.

Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарында, Қарағанды өңірінің батысында, шығысында, Ұлытау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, Абай облысының оңтүстігінде, Жетісу өңірінің солтүстігінде, орталығында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, Алматы облысының солтүстігінде, батысында төтенше өрт қаупі сақталады.