• RUB:
    5.18
  • USD:
    515.25
  • EUR:
    535.91
Басты сайтқа өту
Университет 18 Қыркүйек, 2024

Ғылыми әлеуетті арттыру қадамы

91 рет
көрсетілді

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық универ­ситетінде Гонконг білім беру университетімен (EdUHK) ынтымақтастықты нығайтуға байланысты іс-шара аясында аталған оқу орнының өкілдерімен кездесу өтті. Онда «Жасанды интеллект және инклюзивті білім беру» бағытындағы орталық ашу мәселесі талқыланды.

Кездесуде Гонконг білім беру университетінің интернационалдандыру жөніндегі вице-пре­зи­денті, профессор Ло Синг Кай «Kazakh Centers of Education» жобасымен таныстырып, әлеуетті арттыру бағдарламасы, халықаралық кон­ференция ұйымдастыру және жазғы, қысқы мектептерді өткі­зуге қатысты мәліметтерді баянда­ды. Сонымен бірге профессор ға­лым­дардың ғылыми жобаларды жүзеге асыру және «Жасанды интел­лект және инклюзивті білім беру» орталығының қызметіне қа­тыс­ты тақырыптарды да тілге тиек етті.

Бүгінде Гонконг білім бе­ру университеті «QS World University Rankings by Subject» рейтингінде пәндер бойынша 20-орында тұр. Университет ғалымдарының пікірінше, әлемдік білім кеңістігінде беделді оқу орнымен серіктестік академиялық және ғылыми әлеуетті арттыруға ықпал етпек.

Кездесу барысында ғалымдар мен зерттеушілер тарапынан жасанды интеллект пен инклюзивті білім беру орталығының жұмы­сы­на басымдық берілді.

Айталық, қос университет ғылым мен білім саласындағы ынтымақтастықты тереңдету, білім алмасу мақсатында жоғары оқу орындары арасындағы байланысты кеңейту туралы келісімге қол жеткізген. Бұған дейінгі кездесулерде Гонконг білім беру уни­верситетінің өкілдері «Бір бел­деу, бір жол» жобасы аясында уни­верситет оқытушыларымен, сту­дент­терімен сұхбат жүргізген еді. Енді ғылым, білім саласы өкілдері арасында өткен мұндай кездесу алдағы уақытта да жандана түспек.

 

АЛМАТЫ