• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Өнер 19 Қыркүйек, 2024

Лондонда топ жарды

68 рет
көрсетілді

Өнерде шекара жоқ. Өнерде талай тағдыр бар. Тасты жарып шыққан талант та өнер биігін бағындыра алатыны сөзсіз. Күні кеше ғана Лондоннан сүйінші хабар жетті. Елордалық Абылай Мұстафин Лондонда өткен «Алтын уақыттың дарыны» өнер байқауында ортасынан оза шауып, бас жүлдені еншіледі.

Жас талант халықаралық кон­­­­­курста Қазақстан автор­лар­ы­­ның шығармаларын форте­пиа­нода орындап, шетелдік қа­зы­­лардың жоғары бағасына ие бол­ған. Айта кетейік, Абылай – Астанадағы Жұмабек Тәшенов атындағы мектеп-гимназияның 9-сынып оқушысы. Сондай-ақ Роза Бағланова атындағы №2 му­зыкалық мектепте білім алады. Зағип болса да өнерге құштар. Бірінші топтағы мүгедек адамның мүмкіндігі шексіз деп санайды.

Еске салсақ, жас өнерпаз бұған дейін «Хабар» телеарнасынан көрсетілген «Жұлдызай» бай­қауында лауреат атанса, бү­гін халықаралық өнер додасында топ жарды. «Жеңімпаз болып жат­қаныма бақыттымын. Мүм­кін­дік бергені үшін музыкалық мек­теп мұғалімі Олеся Ивановна­ға, анам мен әкеме рахмет», ха­лық­ара­лық байқаудың бас жүлде­гері.

Абылай есепке де жүйрік. Германия, Түркияда менталды арифметикадан өткен олимпиадада топ жарып, жүлделі орынға ие болған. Жас өрен болашақта IT саласының маманы болуды қалайды.

Сондай-ақ аталған өнер додасында алматылық суретші Әсем­гүл Сүлейменова да бас жүл­дені жеңіп алды.

«Менің басты мақсатым – қа­зақы нақыштағы суреттерімді әлемге таныту. Біздің елімізде де өнер адамдары көп екенін, бар екенін білдіргім келеді», дейді Әсемгүл Сүлейменова.

Аталған байқауға елімізден барған үміткерлер көп. Атап айт­сақ, ағайынды Гүлімай, Дін­мұхаммед, Нұрбақыт Талап сах­наға шығып, ұлттық өнері­мізді әйгіледі. Домбырада қазақ күйін күмбірлетті. Додаға балалармен қатар кәсіби музыканттар да қатысты. «Біріншіден, үрлеме­лі аспап квинтетімізге биыл 20 жыл толып отыр. Осы орайда бұл байқауға арнайы келдік. Ұлт­тық өнерді танытып, қазақтың тұрмыс-салтын, сан түрлі дәс­түрін көрсетуді мақсат еттік», дей­­­ді Құрманғазы атындағы Қазақ ұлт­тық консерваториясының про­фес­соры Жанат Ерманов.

Биыл төртінші жыл қата­ры­нан өтіп жатқан «Ал­тын уақыт­тың дарыны» халық­аралық бай­қауын Украина азаматтары ұйым­дастырып отыр. Олар музыка, бей­нелеу өнері, хореография және басқа да ата­лымдар бойынша ­он­лайн ірік­теуден өткен 25 елдің өкілін Ұлыбританияға шақырған. Бай­қауға қатысу ақылы. Одан бөлек виза және жол шығындары бар. Ал қазақ өнерпаздарының Лон­донға баруына демеушілер қолдау көрсеткен.

«Үлкен дарын иелеріне ар­нал­ған дүбірлі дода көп. Біз­дің байқауға өзін әлі танытып үл­гермеген, бірақ талантты өнер адам­дары қатысады. Бес жас­тағы баладан бастап жет­піс­тен асқан қарияға дейін сахнаға шы­ғып жатыр», дейді байқау ұйым­дас­тырушылары.

Жеңімпаздардың есімдері байқаудың ресми сайтындағы үздіктер тізіміне енгізіледі. Сон­дай-ақ озық оқу орындарынан шақырулар алып, шетелдік компаниялар оларға қызметтер ұсы­ну мүмкіндіктері де кездеседі. Қатысушылар дарындылар визасына ие болып, Ұлыбритания мен АҚШ-та өнерлерін шыңдай алады.