• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Дін 19 Қыркүйек, 2024

Қарағандыда дін мәселелері бойынша семинарлар өтті

79 рет
көрсетілді

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Дін істері комитетінің арнайы жобасы аясында Қарағанды облысында дін істері басқармасының қолдауымен, бекітілген жоспар бойынша, 2024 жылдың 9-13 қыркүйек аралығында дін мәселелері бойынша республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының (бұдан әрі – РАТТ) мүшелері қоғамда дәстүрлі рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру және діни экстремизмнің алдын алу бағытында семинарлар мен әртүрлі форматтағы іс-шаралар өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұл іс-шараларға РАТТ мүшелері (теологтар, дінтанушылар) қатысты:

Роза Солтан – Ақмола облысы, «Конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығы» КММ теолог маманы; Толғанай Мұстафина – Астана қаласы, дінтанушы, «Қоғамдық процестерді зерттеу және талдау орталығы» қоғамдық қорының жетекшісі. Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ дінтану ғ.PhD д.; Талшын  Қожахметова – Астана қаласы, «Діндерді зерттеу орталығы» ЖШС, теолог маманы; Рузалия Нурмиева – Қарағанды облысы, «Азаматтық бастамалар орталығы» қоғамдық бірлестігінің дінтанушысы.

2024 жылғы 9-13 қыркүйек аралығында іс-шараларды ұйымдастыру барысында Қарағанды, Шахтинск, Теміртау қалалары, Абай, Бұқар жырау аудандарының тұрғындарымен, мешіттегі әйел жамағатымен, ұстаздармен, жастармен, емхана және кітапхана қызметкерлерімен және т.б. «Интернет желісіндегі күмәнді сайтардың қаупін түсіндіру», «Дін мен дәстүрдің қоғамдағы орны», «Рухани келісім – қоғамның басты құндылығы», және т.б.тақырыптар аясында кездесулер өткізілді.