• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Оқиға 19 Қыркүйек, 2024

Ақтөбеде 9 жастағы бала әткеншектен құлап, қайтыс болды

113 рет
көрсетілді

Ақтөбе қаласындағы Есет батыр тұрғын алабында 9 жасар бала әткеншектен құлап көз жұмды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оқиға кеше түнде болған. Қатты соққыдан баланың басы жарылып, омыртқасы мен қабырғалары сынған.

Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің хабарлауынша, қоңырау 19:02-де түскен, жедел жәрдем бригадасы 19:09-да оқиға орнына жеткен.

«Жедел жәрдем келгенше бала ес-түссіз жатқан, куәгерлер оның жүрегіне массаж жасаған. 103 қызметінің маманы балаға 30 минут бойы реанимациялық көмек көрсетуге тырысқанымен, нәтиже болмады.  Өлім бас сүйегінің ашық жарақаты, бас сүйегінің негізінің сынуы және мойын омыртқасының жабық сынуы нәтижесінде орын алды. Жедел жәрдем келгенге дейін кеуде қуысының қысылуының салдарынан жабық қабырға сынуы мен пневмоторакс пайда болды», деп хабарлады Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасынан.

Ақтөбе облыстық полиция департаменті өкілдері қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.