• RUB:
    5.02
  • USD:
    485.11
  • EUR:
    523.82
Басты сайтқа өту
Президент 19 Қыркүйек, 2024

Президент жаңадан тағайындалған лауазымды тұлғаларды қабылдады

96 рет
көрсетілді

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының бірінші орынбасары Әли Алтынбаевты, Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары – Терроризмге қарсы қызметтің бастығы Бақытбек Рахымбердиев пен Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы Аңсаған Балтабековті қабылдады.

Кездесуде Мемлекет басшысы жаңадан тағайындалған лауазымды тұлғаларға тиісті ведомстволарда өздері жетекшілік ететін бағыттар бойынша бірқатар тапсырма берді.