• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Оқиға 19 Қыркүйек, 2024

Алимент төлеуден жалтарған Алакөл тұрғыны сотталды

65 рет
көрсетілді

Жетісу облысының прокурорлары алиментті қасақана төлемеген азаматты қылмыстық жауапкершілікке тартты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Облыстық прокуратураның хабарлауынша, Алакөл ауданының тұрғыны 5 жыл бойы балаларының алдында алимент төлеуден жалтарған.

Нәтижесінде борышкердің 2,6 млн теңге көлемінде қарызы жиналған.

«Аудан прокуратурасы Қылмыстық кодекстің 139-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруге бастамашылық жасап (балаларды асырауға қаражат төлеу бойынша міндеттерін орындамау), ол сотқа жіберілді. Сот үкімімен борышкерге пробациялық бақылау белгілене отырып, 1 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалды», деп хабарлады облыстық прокуратураның баспасөз қызметі.

Айта кетейік, жыл басынан бері прокуратура шараларымен алимент төлемеген 206 адам әкімшілік жауапкершілікке, 6 борышкер қылмыстық жауапкершілікке тартылған.