• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Оқиға 20 Қыркүйек, 2024

Алматыда жолаушылар автобус жүргізушісін соққыға жыққан

97 рет
көрсетілді

Алматыда жолаушылар автобус жүргізушісін төпелеп ұрған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оқиға 19 қыркүйек күні кешкі уақытта болған. Адам толы автобуста үш ер адам бір сәтте жолаушыға шабуыл жасап, оны ұра бастаған. Кейіннен олар басқа жолаушыларға да қол көтерген көрінеді. Ал автобус жүргізушісі төбелесті тоқтату мақсатында салонның ішіне кірген.

Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі бейнетаспаға түсірілген оқиға бойынша Жетісу аудандық ішкі істер бөлімі тергеу жүргізіп жатқанын хабарлады.

«Жанжалға қатысушылардың жеке басы мен алдын ала мән-жайы анықталып, олардың әрқайсысының әрекетіне құқықтық баға беріледі», деді  департамент өкілдері.