• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 20 Қыркүйек, 2024

АЭС: Халықтық штаб Саран қаласының еңбек ұжымдарымен кездесті

88 рет
көрсетілді

Мәжіліс депутаттары Шапақ Үнзила мен Адамбеков Тілектес Қарағанды облысына қарасты Саран қаласында «Silk Road Electronics» зауытының, «Galex Plus» ЖШС және «Саранькоммунсервис» КМҚК қызметкерлерімен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Электр энергиясын жеткізудегі кез-келген үзілістер өндірістің тоқтап қалуына, шығарылатын өнім көлемінің төмендеуіне және жұмыс орындарының азаюына әкелуі мүмкін. Сол себептен  жаңа энергия көзін енгізу қажеттілігі кәсіпорындар үшін ғана емес, қала тұрғындарының тіршілігін қамтамасыз ету үшін де маңызды», деп атап өтті Шапақ Үнзила.

Сондай-ақ штаб мүшелері аталған кездесулердің барысында бірқатар дамыған елдерде қандай да бір зақымсыз жұмыс жүргізіліп жатқан бірнеше АЭС бар екенін айтты. Сондай-ақ АЭС салудың маңыздылығы мен артықшылықтары талқыланып, елімізге АЭС не үшін қажет екенін түсіндірді. «Референдум – қоғам мен мемлекет үшін өте маңызды мәселе, оны  бірге шешу керек. АЭС салудың маңыздылығы мен артықшылықтарын бәріміз түсінуіміз керек», деді Адамбеков Тілектес.

«Amanat» партиясының баспасөз қызметінің мәліметінше Штаб мүшелері АЭС электр энергиясының тұрақты және сенімді көзін қамтамасыз етудің негізгі шешімі болуы мүмкін екенін атап өтті, бұл әсіресе осындай ірі энергия тұтынушыларға өзекті мәселе.