• RUB:
    5.02
  • USD:
    487.24
  • EUR:
    529.34
Басты сайтқа өту
Аймақтар 21 Қыркүйек, 2024

Ақтөбе облысындағы шахтада кен опырылып, жұмысшы көз жұмды

235 рет
көрсетілді

Ақтөбе облысында шахтада жұмысшы опырылған кен астында қалып, қаза тапты, деп хабарлайды Egemen.kz.

32 жастағы марқұмның денесін кеніштен әріптестері шығарып алған. Қазір оқиға орнында еңбек инспекторлары тергеу жүргізіп жатыр.

Қайғылы оқиға Хромтау ауданында орналасқан «Ақтөбе мыс» компаниясының кен орнында болған. Үгіту аппаратын басқаратын жұмысшы түнгі аусымға шыққан. Алдын ала мәлімет бойынша, жұмысшы кеннің жоғарыдан опырылып түскенін аңғарып үлгермеген деген болжам бар. Жұмысшы оқиға орнында қаза тапты.

Жұмыс беруші марқұмның отбасына материалдық көмек көрсетілетінін атап өтті.

«Шахтада кен опырылған. Жазатайым оқиға деп айтуға болады. Тергеп-тексеру 20 қазанда аяқталады», деді Ақтөбе облысы еңбек инспекциясы басқармасының мемлекеттік инспекторы Асхат Жұмалы.

Еске салсақ, бұған дейін Абай облысында шахтадағы төтенше жағдайдан кенші қаза тапқан.