• RUB:
    5.03
  • USD:
    488.26
  • EUR:
    530.54
Басты сайтқа өту
Қылмыс 22 Қыркүйек, 2024

Шымкентте құрылыс орнында әріптесін өлтірген ер адам 13 жылға сотталды

154 рет
көрсетілді

Шымкентте құрылыс орнында әріптесін өлтірген ер адам 13 жылға сотталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аталған істі Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қарады. Ер адам ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 1-бөлігі бойынша айыпталған.

Сотта белгілі болғандай, сотталушы Шымкент қаласы «Нұршуақ» мөлтек ауданы Жаңақұрылыс жер телімінде құрылыс объектісінде бірге жұмыс жасайтын Н.-мен бірге спирттік ішімдік ішіп, араларында ұрыс-жанжал туындаған.

«Соның салдарынан Н. есімді азамат Э.-нің бетіне жұдырығымен бір рет соққы жасаған. Бұған қатты ашуланған Э. қарсыласы Н.-ның қолындағы асхана пышағын тартып алып, мойнынан пышақпен бірнеше рет соққы жасаған. Соның салдарынан жәбірленуші алған ауыр дене жарақаттарынан оқиға орнында қаза болған», делінген сот хабарламасында.

Сот сотталушының жасаған қылмыстық әрекеттері ішінара мойындаумен қатар, жәбірленуші өкілі мен куәлердің жауаптарымен, айғақ затты алу хаттамаларымен, сот сараптамаларының қорытындыларымен және де басты сот талқылауында зерттелген басқа да іс материалдарымен толық дәлелденді.

Прокурор Э.-ға 13 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады. Жәбірленуші өкілі прокурордың осы ұстанымымен келісті.

«Сот сотталушының қылмыстық жауапкершілігін жеңілдететін мән-жайлар ретінде кінәсін ішінара мойындағанын, жасаған қылмысына өкінетінін, ал ауырлататын мән-жайлар бойынша жасаған қылмысы аса ауыр қылмыстар санатына жататынын, Э.-ның іс-әрекетінде қылмыстардың қауіпті қайталануын танығанын және жәбірленуші өкілінің кешірім бермегенін ескерді. Сот Э. есімді азаматқа ҚК-нің 99-бабының 1-бөлігімен 13 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындады және сотталушының әрекеттерінде қылмыстың қауіпті қайталану белгілері бар деп таныды»,  делінген хабарламада.

Жазаны сотталушы қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемелерінде өтеуге белгіледі.

Үкім заңды күшіне енді.