• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Ауа райы 23 Қыркүйек, 2024

-2 градусқа дейін үсік жүреді: Бүгін ауа райы қандай болады

141 рет
көрсетілді

«Қазгидромет» синоптиктері 23 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қарағанды облысында оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с дейін жетеді. Синоптиктер облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қаупі, ал шығысы мен батысында төтенше өрт қаупі сақталатынын ескертті.

Қостанай облысында солтүстік-батыстан, батыстан жел соғып, түнде солтүстігінде, батысында екпіні 15-20 м/с дейін жетеді. Күндіз де дәл сол екпінмен жел соғады. Түнде батысында, солтүстігінде топырақ бетінде -2 градус, үсік жүреді деп болжанып отыр. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Ұлытау облысында оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с жетеді. Өңірдің басым бөлігінде жоғары өрт қаупі, ал солтүстігі мен оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

«Түнде Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысында топырақ бетінде -2 градус үсік жүреді. Солтүстік-батыстан екпіні 23-28 м/с болатын жел соғады. Ақмола облысында батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с дейін жетеді. Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады. Сондай-ақ Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде топырақ бетінде -2 градус үсік жүреді деп болжанып отыр. Десе де, облыстың солтүстігінде, солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі, басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтөбе облысының басым бөлігінде жоғары, оңтүстігінде, батысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады», дейді мамандар.

«Қазгидромет» хабарлағандай, күндіз Алматы облысының таулы аудандарында найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ығысады, күндіз облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.

Қызылорда облысының басым бөлігінде төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Түркістан облысының басым бөлігі мен Шымкент шаһарында төтенше өрт қаупі сақталады.