Белгісіз біреу науқастың шақыртуына барған жеке клиника дәрігерлерінің көлігін айдап кеткен. Бұл туралы Қостанай полицейлері 19 қыркүйек күні хабар алған, деп жазады Egemen.kz.
Қолға түскен 39 жастағы күдікті 8 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылды.
Аталған фактіге қатысты қылмыстық іс қозғалды, күдікті 2 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.