• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Есірткі 23 Қыркүйек, 2024

Қостанайда есірткі таратқан студент 11 жылға сотталды

116 рет
көрсетілді

Қостанайда спорт факультетінің студенті есірткі таратқаны үшін 11 жылға бас бостандығынан айырылған, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Еске сала кетейік, бұған дейін полиция облыс орталығының түкпір-түкпірінде есірткі таратумен айналысқан екі адамды ұстаған еді. Олардың бірі дене шынықтыру факультетінің 4-ші курсында оқыған.

Анықталғандай, күдіктілердің жалдамалы пәтерін тінту кезінде қызметкерлер 4 келіден астам синтетикалық есірткі – «а-PVP» тәркілеген. Сонымен қатар электронды таразылар, 240 мини-магниттер, электр таспасы, фольга және есірткіні орауға арналған басқа да құрылғылар табылған.

«Тәркіленген партияның құны қара нарықта шамамен 100 млн теңгені құрайды. Полицейлер айналымға 15 мыңнан астам дозаның жіберілуіне жол бермеді. Есірткі заттарын аса ірі мөлшерде таратқаны үшін сот үкімімен екеуіне де 11 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды», делінген хабарламада.

Үкім заңды күшіне енді.

Айта кетерлігі, жыл басынан бері Қостанай облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл жөніндегі қызметкерлері заңсыз айналымнан 63 келі түрлі есірткі заттарын тәркілеген.