Түркияның Бурса қаласында оқу-жаттығу ұшағы апатқа ұшырап, салдарынан ұшақты басқарған 2 ұшқыш қайтыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz TRT Haber агенттігіне сілтеме жасап.
Қайғылы оқиға бүгін, 23 қыркүйекте Бурсаның Энишехир ауданында оқу-жаттығу кезінде болған. Апат салдарынан нұсқаушы ұшқыштар атап айтқанда, 61 жастағы Юнал Астер мен 42 жастағы Эмир Гулал Налжи қаза тапқан.
Аталған оқиғаның себебін анықтау үшін тергеу жұмыстары басталғаны хабарланды.