Астанада қарақшылық жасағаны үшін халықаралық іздеуге жарияланған Ресей азаматы ІІМ Интерпол Ұлттық бюросының сұрауы бойынша Испанияның Аликанте қаласында ұсталған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, 2016 жылы ер адам топ құрамында үйге заңсыз кіріп, күш көрсету арқылы жалпы сомасы 4 млн теңгеден астам мүлікті иемденген.
«Қазіргі уақытта ұсталған адам қамауда отыр. Оны елге жеткізу мәселесі пысықталып жатыр», делінген министрлік хабарламасында.