• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Ауа райы 24 Қыркүйек, 2024

Үсік, тұман, жел: 24 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

86 рет
көрсетілді

«Қазгидромет» синоптиктері 24 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын ұсынды. Болжамға сәйкес, елдің басым бөлігіне тұман түсіп, екпінді жел соғады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қостанай облысының солтүстігіне, батысына тұман түседі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с дейін жетеді. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Алматы облысының солтүстігінде, батысында төтенше өрт қаупі сақталатыны ескертілді.

Жамбыл облысының таулы аудандарында да тұман болады. Ал ертең, 25 қыркүйекте облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай ойнайды. 24-25 қыркүйекте солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығыс желіне ауысады, күндіз облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с дейін жетеді. Сондай-ақ өңірдің басым бөлігінде төтенше, облыстың оңтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Түркістан облысында солтүстік-шығыстан жел соғады. Күндіз облыстың тау асуларында күші 15-20 м/с. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Шымкент қаласында төтенше өрт қаупі сақталады.

Қарағанды облысының солтүстігіне, шығысына тұман түседі. Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қаупі, облыстың шығысында, батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Ұлытау облысының солтүстігіне де тұман түседі. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі, облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Болжамға сәйкес, Атырау облысының батысында, оңтүстігінде найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с дейін жетеді. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Сонымен қатар Маңғыстау облысының батысында, солтүстік-шығысында, орталығында найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауыспалы жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталатыны ескертілді.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде 2 градусқа дейін үсік жүреді. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с дейін жетеді. Облыстың солтүстігінде, солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Абай облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Шығыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

Солтүстік Қазақстан облысында батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с дейін жетсе, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында екпіні 23-28 м/с болады.

Ақтөбе облысының басым бөлігінде жоғары, оңтүстігінде, батысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

Қызылорда облысының басым бөлігінде төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Павлодар облысының батысына, оңтүстігіне тұман түседі. Батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.