• RUB:
    5.03
  • USD:
    492.22
  • EUR:
    529.38
Басты сайтқа өту
Аймақтар 25 Қыркүйек, 2024

АЭС бойынша референдум: Сенатор Жаркент тұрғындарымен кездесті

145 рет
көрсетілді

Сенат депутаты Амангелді Толамисов Жетісу облысының Жаркент қаласында болып, жергілікті тұрғындармен және Халел Хамраев атындағы орта мектеп ұжымымен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Сенаттың баспасөз қызметі ұсынған ақпаратқа сәйкес, АЭС құрылысын салу және оның еліміз үшін артықшылығы – талқылаудың негізгі тақырыбы болды. Сенатор электр энергиясына зәрулік өсіп келе жатқан қазіргі уақытта АЭС құрылысы елімізді тұрақты энергиямен қамтамасыз етудегі негізгі шешім ретінде қаралып отырғанын атап өтті.

«Атом электр станциясы –экологиялық ең таза және қауіпсіз энергия көзінің бірі. Оның құрылысы көмірді пайдалануды едәуір қысқартуға және  қалалардағы ауа сапасын жақсартуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, АЭС жоғары білікті жұмыс орындарын ашады және инженерлердің, энергетиктердің, ядролық физиктердің, құрылысшылардың және басқа мамандар мансабының өсуіне ықпал етеді», деп атап өтті Амангелді Толамисов.

Соңғы жаңалықтар