• RUB:
    5.18
  • USD:
    515.25
  • EUR:
    535.91
Басты сайтқа өту
Қоғам 25 Қыркүйек, 2024

Жаңа Су кодексі жыл соңына дейін қабылданады

145 рет
көрсетілді

Су ресурстары және ирригация вице-министрі Нұрлан Алдамжаров ОКҚ алаңында ведомство құрылғаннан бері атқарылған жұмыстар туралы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz ОКҚ мәліметіне сілтеме жасап.

Баспасөз конференциясы барысында спикер 1 жыл ішінде негізгі 2 құжат әзірленгенін атап өтті.  

Біріншісі - 2030 жылға дейін су ресурстарын басқаруды дамытудың тұжырымдамасы. Онда жалпы 160-қа жуық іс-шара қарастырылған, оның ішінде, 42 жаңа су қоймасын салу, 37 су қоймасын қалпына келтіру жоспарланған. Бұл – 2 млрд текше метр суды жинауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ 14,5 мыңнан астам шақырым ирригациялық жүйелер қалпына келтіріледі.

«Екіншісі - жаңа Су кодексі. Құжат қазір Мәжілістің қарауында және жыл соңына дейін қабылданады. Сонымен қатар иесіз қалған су шаруашылық нысандары мемлекет меншігіне қабылданды, өзге жұмыстар жалғасын табады», деді вице-министр.