• RUB:
    5.17
  • USD:
    478.54
  • EUR:
    533.76
Басты сайтқа өту
Ауа райы 25 Қыркүйек, 2024

Түнде ауа температурасы -2-7 градусқа дейін төмендейді - синоптиктер

145 рет
көрсетілді

«Қазгидромет» синоптиктері 26-28 қыркүйек аралығында ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Метеорологтар ұсынған болжамға сәйкес, алдағы үш күнде республиканың солтүстігінде, шығысында және оңтүстік-шығысында жауын-шашын болады. Оңтүстік-шығыстағы таулы аймақтарда да жаңбыр мен қар жауады.

Ал түнде ауа температурасының -2-7 градусқа дейін төмендейді деп күтіледі.

Десе де солтүстік-батыс антициклонының ықпалымен елдің батысында, солтүстік-батысында және орталығында жауын-шашын түспейді.

 

Сондай-ақ күндіз ауа температурасы бірте-бірте көтеріледі:

елдің батысында +20+27°С дейін, солтүстікте, орталықта +15+23°С дейін, қиыр оңтүстікте +18+25°С дейін, оңтүстік-шығыста +12+20°С дейін, елдің шығысында ауа температурасы +3+11°C шамасында болады.
Соңғы жаңалықтар