• RUB:
    5.17
  • USD:
    478.54
  • EUR:
    533.76
Басты сайтқа өту
Қазақстан 25 Қыркүйек, 2024

Қазақстанның энергетикалық секторын дамыту шұғыл шешімдерді талап етеді

81 рет
көрсетілді

Сенат депутаттары, АЭС құрылысын қолдау жөніндегі республикалық штаб мүшелері Наурызбай Байқадамов пен Руслан Рүстемов Қызылорда облысына қарасты Шиелі ауданына сапары аясында ақсақалдармен кездесіп, АЭС салудың келешегін талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қазақстанның энергетика саласын дамыту шұғыл шешімдерді талап етіп отыр. Атом энергетикасы - елімізді энергиямен қамтамасыз ету және оның экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз ету жолындағы басты қадам. Қазақстанның дамыған елдер қатарына қосылуы үшін АЭС қажет. АЭС әлемде қарқынды түрде пайдаланылып келеді және еліміз үшін ең жақсы нұсқаны таңдау – біздің міндетіміз», деді депутат Н.Байқадамов.

Ардагерлер мен аудан тұрғындары Президент Жолдауында айтылған бастамаға қолдау білдіріп, өздерін толғандырған сауалдарын қойды. Сенаторлар ақсақалдармен кездесуден кейін Тұран ауылдық округінің тұрғындарымен пікірлесті.

Руслан Рүстемов табиғи газды жеткізудегі тұрақсыздық пен оны өндірудің қысқаруы жағдайында атом энергетикасы ел экономикасын дамытудың сенімді көзіне айналатынын жеткізді.

«АЭС құрылысы да жұмыс орындарын ашуға, жаңа технологияны дамытуға және еліміздің тұрақты энергетикалық болашағын қамтамасыз етуге септігін тигізеді. Бұл экономиканы нығайтып қана қоймай, электр қуатының тапшылығын шешудің бір жолы болмақ», дейді сенатор Р. Рүстемов.

Соңғы жаңалықтар