• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Оқиға 25 Қыркүйек, 2024

Журналистер «Мақсат» бұқаралық диктантын жазды

371 рет
көрсетілді

Астанада өтіп жатқан Astana Media Week-2024 апталығына қатысушылар қазақ тіліндегі аббревиатураларды дұрыс жазуға арналған «Мақсат» бұқаралық диктантын жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жаппай диктантқа әр өңірден келген газет-журналдың, радио, телеарналардың, ақпараттық сайттардың тілшілері мен баспасөз хатшылары қатысты.

Диктантты жүргізген журналист Мөлдір Доспаеваның айтуынша, бұл жердегі мақсат - біреудің қатесін бетіне басу емес, керісінше телеарна мен радио тілшілерінің тілдік қорын дамыту, сауатты жазуға дағдыландыру.

«Телеарна мен радиода негізінен сөздің мағынасына, салмағына назар аударылады да, тыныс белгілері ұмытыла бастайды. Жаппай диктант жазу сауатты жазуға мүмкіндік береді», деді Мөлдір Доспаева.