• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Референдум 25 Қыркүйек, 2024

Жезқазған теміржолшылары АЭС салу мәселесін талқылады

134 рет
көрсетілді

АЭС құрылысына қолдау көрсету жөніндегі халықтық штаб өкілдері Жезқазған қаласында «Қазақстан темір жолы - Жүк тасымалы» АҚ жұмысшыларымен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сенаттың баспасөз қызметінің мәлім етуінше, жүздесу барысында сенатор Советбек Медебаев АЭС құрылысының өңір үшін шешуші рөлін атап өтті. Оның пікірінше, АЭС жаңа жұмыс орындарының ашылуымен қатар құрылыс аймағындағы инфрақұрылымды дамытудың катализаторына айналады.

«Қазақстан халқы референдум арқылы АЭС салу туралы түпкілікті шешім қабылдай алады. Бұл азаматтардың ел үшін маңызды шешім қабылдаудың мейлінше заңдылығы мен қатысуын қамтамасыз етеді», деді ол.

Сенатор теміржолшы қызметкерлердің референдумға қатысуға және өз ұстанымдарын білдіруге шақырды. Сондай-ақ референдумда әрбір дауыстың маңызды екенін жеткізді.