• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
Елорда 25 Қыркүйек, 2024

«Еуропалық Одақ елдеріндегі адвокаттардың құқықтық мәртебесі» тақырыбында вебинар өтті

87 рет
көрсетілді

Осы айдың 24-і күні Астана қаласында С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінде «Құқықтық диалогтар» жобасы шеңберінде «Еуропалық Одақ елдеріндегі адвокаттардың құқықтық мәртебесі» тақырыбында вебинар өтті, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Аталған іс-шараны ҚР Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті және «Акселератор добра: Ізгілік елшісі» Ұлттық еріктілер қозғалысымен бірлесіп ұйымдастырды.

Вебинардың модераторы ҚР Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның төрағасы Игорь Рогов болды.

Вебинардың негізгі баяндамашысы Еуропа Кеңесі адам құқықтары жөніндегі директоратының ынтымақтастық бағдарламалары басқармасының бөлім басшысы Сергей Дикман болды, ол Еуропалық Одақ елдеріндегі адвокаттардың құқықтық мәртебесі туралы айтып берді.

Іс-шараға сондай-ақ ҚР Әділет вице-министрі Лаура Мерсалимова, Республикалық адвокаттар алқасының төрағасы Айдын Бикебаев, Басқарма мүшесі - операциялық қызмет жөніндегі проректор Сапархан Омаров, ҚР Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия төрағасының орынбасары, Сорбонна-Қазақстан Институтының директоры Айнұр Сәбитова, ҚР Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның хатшысы Әлия Ехласова қатысты. Сонымен қатар қашықтан байланыста болғандар: ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның мүшелері мен Сараптамалық кеңесі, адвокаттар, Әділет министрлігі орталық аппаратының және аумақтық бөлімшелердің тиісті қызметкерлері, «Акселератор добра: Ізгілік елшісі» еріктілері.

Аталған іс-шара Президент жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның отырысы қарсаңында өткізілді, онда Қазақстанда адвокатура институтын дамыту мәселесін қарау жоспарға алынған.

Вебинар практик-заңгерлердің, адвокаттардың, мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдардың өкілдерінің зор қызығушылығын туғызды.

Соңғы жаңалықтар