• RUB:
    4.73
  • USD:
    511.22
  • EUR:
    540.05
Басты сайтқа өту
Ғылым 26 Қыркүйек, 2024

Технологиялық талқылау

72 рет
көрсетілді

Кезекті ғылыми-технологиялық хакатон өтті. Бұл жолғы басқосу уран өндірісінің өзекті мәселелерін талқылауға арналды. Ғылым және жоғары білім министрлігі мен «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» акционерлік қоғамының бастамасымен ұйымдастырылған іс-шараға отандық, шетелдік ғалымдар мен ғылыми-зерттеу институттарының мамандары қатысты.

Жиында сөз алған Ғылым және жоғары білім вице-министрі Дархан Ахмед-Заки: «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2024 жылғы Жолдауында еліміздің өнеркәсіптік әлеуетін ашу үшін жүйелі қадам қажет екенін атап өтті. Ғалымдар мен өндірісшілердің симбио­зы – осы бағыттағы құрал­дар­дың бірі. Бүгін біз үшінші рет хакатон өткізіп отырмыз. Бұл ғалымдар мен өнді­ріс­шілердің күш-жігерін бі­рік­тіріп, нақты техно­ло­гия­лық мін­деттерді шешуге мүм­­кін­дік береді. Мұндай ғы­лыми-инно­­ва­циялық фор­маттар – елдегі ғылы­м­ның коммерция­лануы мен тех­но­ло­гия­лық прогрестің негізі», деп атап өтті.

Ал «Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық атом компания­сы» акционерлік қоға­мы­на қарасты Ғылым депар­таментінің директоры Арманбек Өмірғали аталған ірі компанияның ғылым мен дамуға ерекше көңіл бөлетінін жеткізді. «Біздің компания ғылым мен дамуға әрдайым ерекше көңіл бөледі, өйткені ғылымсыз әлемде жетекші орын алу, қол жеткізу және оны ұстап тұру мүмкін емес. Мысалы, бізде үш ірі ғылыми орталық бар, оның ішінде Жоғары технологиялар институты бар. Біздің саланы дамытуға бағытталған ғылыми жобаларды жүзеге асыру үшін ғалымдарымыздың елі­міз­дегі ғылыми-зерт­теу инс­титуттары мен жоғары оқу орындарының зерт­теушілерімен ынты­мақ­тастығы біз үшін ерекше маңызды», деді А.Өмірғали.

Хакатон аясында 6 топтан тұратын ғалымдар мен тәжірибелі мамандар уран өндіру саласының түйткілді мәселелерін талқылап, өнер­­кә­сіптік кластердің 25 өн­ді­рістік тапсырмасын шешу­мен айналысты. Арнайы құрылған топтарда сарапшылар нақты нәтижеге бағытталған технологиялық ұсыныстар әзірледі.

Сирек кездесетін металдар тақы­ры­бымен жұмыс істеген топтың құрамында болған ғалым Еркін Бектай: «Біз уран ерітінділерінен скандийді рентабельді түрде алудың шешімін ұсындық. Бұл өз кезегінде арнайы әзірленген экстрагенттер мен техно­ло­гияларды қолдануды қамтып, скан­дий­ді ең аз шы­ғындармен және өнімнің мак­сималды тазалығымен тиімді түрде бөлу­ге мүмкіндік береді. Мұндай үдеріс­тің тиім­­ділігі мен экономикалық негіз­ділігін арттыра оты­рып, осы сала­дағы жұмыстың нәти­­же­лерін айтар­лық­тай жақ­сартуға болады», деді.

Ғалымдар мен өндіріс өкілдері уран өндірісінің ері­тінділерінен сирек кез­де­сетін металдарды алу және байыту бойынша бірегей технология­ларды, жер асты шаймалау кезінде сирек жер металдарын қосымша өндіруді, газ тазарту ерітінділерін қайта өңдеуді, оның ішінде «дымқыл» тазартуды болдырмауды зерттеді.

Ой талқыға қатысушы­лар­дың бірі ғалым Нұржан Сүлейменов: «Осы Хака­тонның ерекшелігі – бар­лық қаты­сушы пайдалы дүние жасауға мүмкіндік алды. Екі күн ішінде біз «Қаз­атом­өнеркәсіп» компа­ния­сына және елдің уран өндіру саласына қажет ше­шім­­дерді прототиптеу дең­гейіне жеттік. Сонымен қа­тар министрліктің бағ­дар­­ла­малық-нысаналы қар­жы­­лан­дыруы үшін бола­шақ зерт­теулер тақы­рып­тары әзір­ленді. Бұл тұр­ғыда отан­дық ғалым­дар Қазақ­стан­­ның ірі уран өндіру­ші кор­порацияларының бірінің сұра­­нысын тудыратын нақты бағыт­тарды көре алады. Мұн­дай іс-шаралар ға­лымдар мен өнді­ріс­шілердің өзара тиімді ынтымақ­тас­тығына әке­летініне сенімдімін. Зерт­теу­леріміздің нәти­же­лері нақты қолданбалы бағытқа ие екеніне, сондай-ақ жоба­лар­ды қаржыландырып, коммерцияландырып, ең бастысы өндіріске енгізуге болатынына сенімді бола аламыз», деді.

Ғалымдар мәлімдеген тақырып бойынша нақты жұмысқа кірісуге, тех­ни­калық сипаттамалары бар ғы­лыми-техникалық тапсырманы дайын­дауға және болашақта мем­ле­кеттік гранттық қар­жыландыруға үміткер бо­луға дайын екенін білдірді. Хакатон қаты­су­шылары сонымен қатар «Қызылқұм» ЖШС және «Байкен-U» ЖШС кен орындарына барды.