• RUB:
    5.17
  • USD:
    478.54
  • EUR:
    533.76
Басты сайтқа өту
Бокс Кеше

«Алматы-Аренада» өтетін бокс кеші тікелей эфирде көрсетіледі

101 рет
көрсетілді

Бұл туралы Qazsporttv мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматы қаласында өтетін аталған бокс кешінің басты жекпе-жегі: Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов пен филиппиндік Джо Нойнэй арасында болады. Бұл отандасымыздың кәсіби мансабындағы он екінші жекпе-жегі болса, Д.Нойнэй үшін 28 жекпе-жек болмақ. Сондай-ақ негізгі жекпе-жекте бокс ережесі бойынша Қазақстанның ММА жауынгерлері Қуат Хамитов пен Нұрберген Шәріповтің алғашқы кездесуі өтеді.

AllStarsBoxing турнирінде Қазақстан боксшылары ғана емес, Ресей мен Әзірбайжанның кәсіпқой былғары қолғап шеберлері де шаршы алаңда жұдырықтасады. Аталған жекпе-жектерді 28 қыркүйек 17:30-да «Qazsport» арнасы тікелей эфирде көрсетеді.

 

 

Соңғы жаңалықтар