Есіл ауданының әкімшілік орталығы элеваторларының бірінің астық қоймасында өрт болған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ақмола облысының құтқарушылары өртті сөндірді. Оған Есіл ауданының гарнизон күштері мен құралдары, жергілікті атқарушы органдар, ҚТЖ өрт сөндіру пойызы және мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет жұмылған.
Өрт 900 шаршы метр аумақты шарпыған. Ешкім зардап шекпеген.