• RUB:
    5.17
  • USD:
    478.54
  • EUR:
    533.76
Басты сайтқа өту
Қазақстан Кеше

Ертең «ҮРКЕР» - 2024 ұлттық сыйлығының жеңімпаздары анықталады

87 рет
көрсетілді

Ертең, 27 қыркүйекте елорданың «Қазмедиа» орталығында өтіп жатқан Astana Media Week-2024 апталығы шеңберінде отандық баспа, радио, интернет-журналистика саласындағы «ҮРКЕР» - 2024 Ұлттық сыйлығының жеңімпаздары анықталады. Мәдениет және ақпарат министрлігі биылғы номинанттардың тізімін жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ұлттық бәйге 12 номинация бойынша өткізілді. Байқауға барлығы 400 өтінім келіп түсті. Үздік жұмыстарды беделді журналистер мен медиа менеджерлерден құралған қазылар алқасы анықтады.

«ҮРКЕР» - 2024 Ұлттық бәйгесінің жеңімпаздары 27 қыркүйек күні белгілі болады. Лауреаттарды марапаттау рәсімі Астана қаласы «Қазмедиа» орталығында өтеді. Жеңімпаздарға «ҮРКЕР» естелік мүсіншесі және бір миллион теңге мөлшеріндегі ақшалай сыйлық табысталады.

«ҮРКЕР» - 2024 Ұлттық сыйлығының номинанттары мына тізімде көрсетілген.

Соңғы жаңалықтар