• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Оқиға 26 Қыркүйек, 2024

Ақтөбеде аудиторлар 18 млрд теңгенің қаржылық бұзушылығын анықтады

133 рет
көрсетілді

Бұл туралы  ҚР Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің төрағасы Ержан Мыңжасаров Ақтөбе облысының кәсіпкерлерінің қатысуымен өткен онлайн кездесуде айтып берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Биыл Ақтөбе облысында тұрғындардан түскен шағымдардың негізінде 107 тексеру жүргізілген. 28,9 млрд теңге көлеміндегі қаражаттың мақсатты жұмсалуы тексергенде  мамандар 18 млрд теңге сомасына қаржылық бұзушылықтарды анықтаған. Оның ішінде                  17,9 млрд теңге тауар жеткізу, қызмет көрсету, жұмыс орындау және бухгалтерлік есеп жүргізу есебінен бюджетке қайтарылған.

«Біздің міндетіміз – бюджет қаражатын мақсатты пайдалануды қамтамасыз ету. Яғни, бірде-бір теңге тиімсіз жобаларға жұмсалмауы тиіс», деді комитет төрағасы.

Сонымен қатар Е. Мыңжасаров білім беру саласы және  автомобиль жолдарының жөндеу жұмыстарын тексеру мәселесіне де тоқталды. 

Оның айтуынша, өңірлердегі автомобиль жолдарына қатысты мәселе тікелей Президентінің қатаң бақылауында. Комитет жол құрылысы бойынша тексеру кезінде Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстарында елеулі кемшіліктер мен бұзушылықтарды анықтаған.