• RUB:
    5.17
  • USD:
    515.89
  • EUR:
    536.32
Басты сайтқа өту
Оқиға 27 Қыркүйек, 2024

Ақтөбе тұрғыны өзінің ағза мүшелерін сатпақ болған

241 рет
көрсетілді

Ақтөбе облысының прокуратурасы адам ағзасын заңсыз сату әрекетін анықтап, қылмыс жасады деген күдікпен жергілікті тұрғынды ұстаған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Облыстық прокуратураның хабарлауынша, әлеуметтік желіге мониторинг жүргізу барысында қызметкерлер «E» есімді азаматтың ішкі ағза мүшелерін сату бойынша заңсыз мәміле жасауы мүмкін екендігі туралы ақпарат алған.

«2024 жылдың 25 қыркүйегінде прокуратураның бастамасымен жүргізілген жедел-іздестіру іс-шарасы аясында Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері өзінің ішкі ағза мүшелерін 9 млн теңгеге заңсыз мәміле жасау арқылы сатпақшы болған «E» есімді азаматты ұстады», делінген хабарламада.

Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 116-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды.