• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 27 Қыркүйек, 2024

Елорданың барлық мектебі жаңа қауіпсіздік жүйесімен жабдықталады

138 рет
көрсетілді

2025 жылға дейін Астанадағы 109 мемлекеттік мектеп заманауи қауіпсіздік жүйесімен жабдықталады. Бұл туралы елорда мәслихатының отырысында Астана әкімінің орынбасары Евгений Глотов айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Евгений Глотов Астана қаласының білім басқармасы қауіпсіздік жүйесіне инвестиция салу үшін бірқатар ірі компаниялармен келіссөздер жүргізіліп жатқанын тілге тиек етті.

«Жыл соңына дейін барлық заң рәсімдерін аяқтап, барлық 109 мемлекеттік мектепті 2025 жыл ішінде бейнебақылау, қолжетімділікті бақылау, дабыл және өрт түймелері тұрғысынан қауіпсіздіктің ең жоғары деңгейіне жеткіземіз», деді ол.

Қала әкімінің орынбасары атап өткендей, бейнебақылаулар Жедел басқару орталығына (ЖБО) қосылады.