• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
28 Қаңтар, 2015

Іскерлік байланыстар орнату қолға алынды

374 рет
көрсетілді

Бухарест қаласында Қазақ­станның Румыниядағы ел­шісі Дәулет Батырашев Румы­ни­я­ның Сауда-өнеркәсіп пала­та­сының (СӨП) президенті Ми­хай Дарабанмен кездесті. Кез­десу барысында Қазақстан мен Румыния сауда-экономикалық ынты­мақ­тас­ты­ғының даму мүмкін­дік­тері, соның ішінде екі ел сауда-өнер­кә­сіп палаталары бағыты бо­йын­ша ықпалдастығы жайы талқыланды. Тараптар Қазақстан мен Румыния­ның және жалпы Орталық Азия мен Шығыс Еуропа өңірлерінің эконо­ми­калық жағдайы жөнінде пікір алмас­ты. Туризм, ауыл шаруашылығы, құры­лыс, көліктік-транзит салаларын­да екіжақ­ты экономикалық байла­ныс­тардың қолда бар, бірақ толы­ғы­мен жүзеге асырылмаған мүмкін­діктерін, Қазақстан мен Румыния арасындағы сыртқы сау­да көлемінің елеулі өсуін атап өтті. Осы орайда, қазақстандық дипломат М.Дарабанды еліміздің экономикалық әлеуетін толық көр­сететін Президент Н.Ә.Назар­баев­тың «Нұрлы Жол» Жолдауының, «Қазақстан-2050» Стра­тегиясының, 2015-2019 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының негізгі қағида­лары жөнінде хабардар етті. М.Дарабан Қазақстан мен Румы­ния­ның іскерлік топтары арасындағ­ы екіжақты байланыстарды нығайту мен арттыруға мүдделілігін білдірді. Оның ақпараты бойынша, Румыния СӨП құрамына елдің 630 мыңға жуық шағын және орта бизнестің мүше­лері кіреді. Сонымен қатар, ол Қазақ­станның Констанца теңіз портының терминалдарын (жүк, мұнай және астық) пайдалану мүмкіндігін қарас­тыруды ұсынды. Келіссөздер қорытындылары бо­йын­­ша, екі ел кәсіпкерлері арасында тікелей байланыстар орнату мақ­сатынд­а Қазақстанның Сыртқы сауда пала­тасы­ның басқарма төрағасы С.Есім­бековтің Бухарестке сапары туралы және Қазақстан мен Румыния іскер топтары бизнес-форумының өткізілуі жөнінде уағдаластықтарға қол жеткізілді. Кездесуге, сонымен қатар, Қазақ­стан­ның Құрметті консулы Петру Лифичиу мен СӨП-тің халықаралық мәселелер жөніндегі кеңесшісі, елші Петру Руссу қатысты. «Егемен-ақпарат».
Соңғы жаңалықтар