• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Талбесік 28 Қыркүйек, 2024

Аң-құстарға азық дайындалып жатыр

47 рет
көрсетілді

«Бурабай» ұлттық паркінде жыл санап саны артып келе жатқан жабайы жануарларға қысқы жемшөп дайындау жұмысы қызу жүріп жатыр. Қазірдің өзінде қайыңның жапырағы қалың бұтағынан 147 мың бума дайындалды. Былтыр 135 мың бума дайындалған еді.

Жоспар бойынша орылуға тиіс 451 тонна шөптің біраз бөлігі орылып, шөмелеге үйілді. Шөп ору науқаны әлі жал­ғасады. Бұдан бөлек, 20 тон­на жемдік тұз сатып алын­ды.

Ұлттық парк қызмет­керлері ормандағы алаң­қайларда орнатылған 40 науаны жөндеп, жа­ңадан 15 науа жасады. На­уалардың тұз төгетін, бума байлайтын, шөп салатын жерлері бар.

Бұл өңірдің қысы қатал. «Бурабай» БҰТП жануар­лар дүниесін қор­ғау және өсімін молайту бөлі­мінің бастығы Юрий Зе­лин­скийдің айтуынша, аң-құстарға қамқорлық жасамаса, көктемге қи­налып шығуы мүмкін.

«Қыс бойы орман инс­пекторлары мен қорық­шы­лар науаларды тек­се­ріп, жем­шөптің бітіп қал­мауын бақылап отырады. Биыл қайың жапырақ­та­рынан бума жасаудан қал­ған қал­дықтарын жинап, қа­бан­дарға 15 пана жа­садық. Қат­ты аяз-боран­дарда осы жер­ге ке­ліп, ық­­тай­­ды», дей­ді Ю.Зе­линский.

Осылайша, «Бурабай» МҰТП қыс мезгіліне жан-жақты дайындалып, жер­гілікті аң-құстарға азық-тү­лік пен ықтасын пана ғана емес, сонымен қатар қа­тал қыс жағдайында аман қалу үшін қауіпсіз жағ­­дай жасап жатыр.