• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
Спорт Бүгін, 12:55

Бүгін футболдан Қазақстан кубогының финалы өтеді

32 рет
көрсетілді

Бүгін, 29 қыркүйекте футболдан Қазақстан кубогының финалы өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ақтық сайыста «Атырау» мен «Ақтөбе» командалары шеберлік байқасады.

Кездесу сағат 17:00-де басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Биыл Қазақстан кубогының алдын ала іріктеу кезеңі 1-19 наурыз аралығында өтсе, 21-23 наурызда командалар алдын ала іріктеу кезеңінің плей-офф сатысында шеберлік байқасты.

Екінші кезеңде Премьер-лиганың 13 командасы мен алдын ала іріктеу кезеңінде үздік шыққан 3 ұжым өзара жұп құрады.

Одан ширек финал ойындары болды.

Бүгінге дейін «Қайрат» 9 мәрте кубокты төбесіне көтерді.

Ал, «Жеңіс» (Астана) мен «Астана» — 3, «Қайсар» (Қызылорда) мен «Ордабасы» (Шымкент) — 2, «Ертіс» (Павлодар), «Тараз», «Шахтер» (Қарағанды), «Восток» (Өскемен), «Ақтөбе», «Алматы», «Тобыл» (Қостанай), «Достық» (Алматы), «Елімай» (Семей) — 1 мәртеден кубок иегері атанды.