АҚШ Қарулы күштері үш түрінің жоғары сержанттық құрамының өкілдері келді
Астанадағы Ұлттық қорғаныс университетінде Қазақстан Республикасы мен Америка Құрама Штаттары қарулы күштері жоғары сержанттық құрамының симпозиумы басталды.
Екі елдің өкілдері өткен жылдардағы екіжақты әскери ынтымақтастық саласындағы жетістіктер мен сержанттар жүйесінің даму перспективаларын талқылайды деп жоспарлануда. Аталған симпозиумның ерекшелігі – Қазақстанға тұңғыш рет АҚШ Қарулы күштерінің бірден үш түрінің жоғары сержанттық құрамының өкілдері келуінде. Олар: командалық сержант-майор, АҚШ ҚК Орталық қолбасшылық құрлық әскерлерінің (ARCENT) бас сержанты Ронни Келли, командалық шебер бас старшина Скотт Флеминг, АҚШ ӘТК (NAVCENT) 5-ші флотының бас старшинасы-командалық шебер-сержант Рэймон Колон-Лопес, АҚШ ӘӘК (AFCENT) қолбасшылығының бас сержанты. Олардан басқа, АҚШ ҚК қатардағы жауынгерлер мен сержанттар құрамын даярлау жүйесін дамыту саласындағы сарапшылар тобы келді.
Екі елдің сарапшылар тобының міндеті – бірлесе отырып келісімшарт бойынша әскери қызметке кандидаттарды іріктеу және даярлау саласында дүниежүзілік тәжірибені зерттеу, оқу-жаттығу орталықтарында жас буынды оқыту бағдарламасы, сонымен қатар, оқытудың жаңа әдісін қолдана отырып, сержанттық құрамның біліктілігін арттыру курстарын жаңғырту.
Қазақстан тарапынан симпозиумға Қарулы Күштер Бас штабы сержанттық құраммен жұмыс жөніндегі басқармасының өкілдері, Құрлық әскерлері, Әскери-теңіз күштері, Әуе қорғанысы күштері, Әскери-әуе күштері, Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлері, Әскери полиция бас басқармасы, Қорғаныс министрлігі Кадет корпусының өкілдері және басқа да әскери қызметшілер қатысуда.
Қазақстан Республикасы мен Америка Кұрама Штаттары қарулы күштері жоғары сержанттық құрамының симпозиумы 30 қаңтарға дейін жалғасты.
«Егемен-ақпарат».