• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
28 Қаңтар, 2015

Көрінбейтін майдан жауынгер-дәрігері екі мыңнан астам ота жасаған

365 рет
көрсетілді

Көрінбейтін майданның жауынгерлері әскери хирургтердің күрделі міндеттерді орындайтыны сөзсіз. Ондай оташылар ондаған Отан қорғаушыларға ем жасап, олардың өмірін сақтап қалады. «Дәрігердің, оның ішінде хирургтің жұмысы психологиялық, физикалық күшті, төзімділікті талап етеді. Мысалы, адам тағдыры қыл үстінде тұрған кезде хирургке оны құтқарып қалу үшін 8-10 сағаттық ота жасауға тура келеді», – дейді Бас әскери клиникалық госпиталь бастығының ғылыми-хирургиялық қызмет жөніндегі орынбасары, жетекші хирург подполковник Ержан Смайыл. Әскери хирургтердің жұмысы бір ғана қаламен шектеліп қал­майды, қажет болған жағдайда бри­гадалар Қазақстанның ең қашық деген өңіріне де баруға дайын. «Бірде біз жедел шақырумен батысқа бардық. Сол жерге жеткенде бір адам үшін тұтас бір дәрігерлік бригаданың осынша қашықтықтан ұшып келгеніне таң қалған болатын. Нәтижесінде, біз сол жерде екі ота жасадық. Сосын бір пациентті Астанаға жеткіздік. Сол жерде тағы бір пациентке екі күрделі ота жасап, нәтижесінде оның өмірін сақтап қалдық», – дейді подполковник. Осы оқиғадан соң ол «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен марапатталыпты. Әскери дәрігердің қызмет жылдарында бұл сияқты оқиғалар аз кездескен жоқ. Е.Смайыл: «Әс­ке­ри дәрігерлердің жұмысы, ең ал­дымен, Отан қорғаушыларға арнал­ғанын, алда-жалда бақытсыз жағ­дай орын ала қалса, оларға әске­ри дәрігерлердің көмекке келе­тінін, оларды құтқару үшін дәрі­гер­лердің қолдан келгеннің бәрін жасайтынына сенімді болулары керек», дейді. Айгүл Сейілова, «Егемен Қазақстан».