30 қыркүйекте Қазақстан және Аргентина құрамасы Өзбекстанда футзалдан 2024 жылғы әлем чемпионатының ширек финалында кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бірінші таймда ойын деңгейі де, есеп те тең болған. Алайда екінші таймда аргентиналықтар алты рет доп соқты. Ойын Аргентинаның пайдасына 1:6 есебімен аяқталды.
Қазақстан футболшылары соққан жалғыз голдың авторы - Дәурен Тұрсағұлов.
Осылайша, Аргентина жартылай финалға өтіп, онда Франциямен кездеседі, ал Қазақстан жарысты осы жерден аяқтайды.
Айта кетейік, 2024 жылғы әлем чемпионатының топтық кезеңінде Қазақстан құрамасы жеті ұпай жинап, D тобында екінші орын алды. Турнирдің басында Қазақстан Испаниямен (1:1) тең ойнады, содан кейін Ливияны (4:1) және Жаңа Зеландияны (10:0) жеңді.
1/8 финалда Қазақстан құрамасы қазіргі әлем чемпионы Португалия құрамасын (2:1) жарыстан шығарып, сенсация жасады.