• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Ауа райы 01 Қазан, 2024

Елдің басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады - синоптиктер

82 рет
көрсетілді

«Қазгидромет» синоптиктері 1 қазанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ұлытау облысының басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде жел оңтүстік-шығыстан соғады, екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Қарағанды облысының басым бөлігінде жоғары өрт қаупі, облыстың батысында, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Жетісу облысының оңтүстік-шығысынан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында 15-20, күндіз екпіні секундына 23-28 метрге жетеді. Облыстың солтүстігінде, батысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

Маңғыстау облысының басым бөлігінде төтенше өрт қаупі, облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Қызылорда облысының басым бөлігінде төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Ақтөбе облысында шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың орталығында, оңтүстігінде екпіні секундына 15 метрге жетеді. Облыстың басым бөлігінде, оңтүстігінде, батысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

Атырау облысының басым бөлігінде де төтенше өрт қаупі сақталады.

Абай облысында оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, облыстың орталығында, оңтүстігінде 15-20, күндіз екпіні 23 м/с болады. Облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі болады, облыстың шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.Мамандар Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталатынын ескертті.

Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында найзағай, солтүстігінде шаңды дауыл болады. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында күші 15-20 м/с болады. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі (5 класс) сақталады.

Шымкентте түннің бірінші жартысында найзағай ойнайды. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде екпіні 15-20 м/с болады. Төтенше өрт қаупі (5 класс) сақталады.