• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Оқиға 01 Қазан, 2024

Алматыда дзюдодан әлем чемпионатының жүлдегерін пышақтап кеткен

85 рет
көрсетілді

Әлеуметтік желіде Алматыда дзюдодан әлем чемпионатының жүлдегері төбелесіп, пышақ жарақатын алғаны туралы ақпарат пайда болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Желіде оқиғаның видеосы тарап жүр. Бірақ видеода төбелес болған сәт көрінбейді, тек бір топ жігіттердің көліктің артына жиналып, кейін олардың тез кетіп қалғанын байқауға болады.

Әлеуметтік желідегі басылымдардың хабарлауынша, дзюдошы Дамир Исаханов жүрек тұсынан пышақ жарақатын алып, аман қалған.

Алматы қаласының Полиция департаменті оқиғаны растады.

«Аталған факті бойынша Алмалы ауданының полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Күдікті адам ұсталып, полицияға жеткізілді. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жан-жақтылық, толықтық және объективтілік қағидаттарына қатаң сәйкестікте жүргізіледі. Тергеу барысы Алматы ПД басшылығының бақылауына алынды», делінген хабарламада.