• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қазақстан 01 Қазан, 2024

ҰҚШҰ өкілдері Алматыға келді

Алматыда денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ынтымақтастықты дамыту мәселесі талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Бүгін Алматыда ҚР Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиевтің төрағалығымен ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарының Үйлестіру кеңесінің IV отырысы өтті.

Іс-шараға Беларусь Республикасының, Қырғыз Республикасының, Ресей Федерациясының, Тәжікстан Республикасының делегациялары және ҰҚШҰ Хатшылығының өкілдері қатысты.

Кездесу барысында тәжірибе алмасу және ғылыми ынтымақтастықты дамыту жөніндегі іс-шаралар жоспарының іске асырылу барысы қаралды. Ұлттық делегациялардың басшылары өзара іс-қимыл перспективалары туралы пікір алмасты. Үйлестіру кеңесінің қорытындысы бойынша тараптар халықаралық деңгейдегі өзара іс-қимыл қажеттігін растады.

 

Соңғы жаңалықтар