Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлын және танымал педагог-хореограф, Ресей Федерациясының халық әртісі Алтынай Асылмұратованы қабылдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.
Кездесу барысында отандық мәдениет және балет өнерінің Қазақстандағы қазіргі жағдайы мен даму перспективалары талқыланды.
Нұрсұлтан Назарбаев елдегі мәдениет саласының елеулі рөлін, оны дамыту үшін тиісті инфрақұрылым қалыптастыруды да қоса қамтитын қажетті жағдайларды жақсартудың маңыздылығын атап өтті.
Мемлекет басшысы, сондай-ақ, ел ішінде де, сыртта да мойындалып үлгерген қазақстандық мәдениеттің әлеуеті зор екеніне назар аударды.
А.Асылмұратова өзін қабылдағаны үшін Қазақстан Президентіне алғысын білдіріп, шығармашылық жоспарлары жөнінде және болашақта еліміздің шығармашылық ұжымдарымен ынтымақтасуға дайын екендігін айтты.
Суреттерді түсіргендер
С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.